Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевтың "Бернлиі" камбэк жасап, ұпай алды

Қазақстандық шабуылшы өнер көрсететін "Бернли" Англия Чемпионшипының жаңа маусымын "Вест Хэмге" қарсы нәтижелі камбэкпен бастады.

Дастан Сәтпаевтың "Бернлиі" камбэк жасап, ұпай алды
facebook.com

Екі гол басымдығын ұстап тұра алмады

Матчтағы есеп 10-минутта ашылды. "Вест Хэм" қорғаушысы Максимилиан Килман Боуэн орындаған бұрыштама добынан кейін мергендік танытып, лондондықтарды алға шығарды.

72-минутта Манор Соломон алаң иелерінің қақпасына екінші голды соғып, "Вест Хэмның" басымдығын арттырды.

Дегенмен кездесудің соңғы бөлігі "Бернлидың" пайдасына өрбіді. 83-минутта Зиан Флемминг пенальтиді сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты. Ал төреші қосқан екінші минутта Флемминг дубль авторы атанды. Нәтижесінде "Бернли" жеңілістен құтылып, маңызды бір ұпайға қол жеткізді.

Дастан Сәтпаев матчқа қатысқан жоқ

18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 14 тамызда "Челсиден" "Бернлиге" жалға ауысқан.

Қазақстандық футболшы "Вест Хэмге" қарсы маусымның алғашқы кездесуіне арналған команданың өтініміне енгізілген жоқ.

"Вест Хэм" келесі турда 22 тамызда "Чарльтонды" қабылдайды. Ал Дастан Сәтпаевтың "Бернлиі" 23 тамызда сырт алаңда "Вест Бромвичке" қарсы ойнайды.

Жарнама
Жарнама