ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

"Астана" 93-минутта жеңісті уысынан шығарып алды (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында Петропавлда өткен "Қызылжар" – "Астана" кездесуі 1:1 есебімен аяқталды.

"Астана" 93-минутта жеңісті уысынан шығарып алды (ВИДЕО)
instagram/@fcqyzyljar

Басманов "Астананы" алға шығарды

Кездесудің алғашқы бөлігінде екі команда да шабуылда аса қауіпті сәттер ұйымдастыра алмады. Қарсыластар сақ ойнап, үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Екінші таймда ойын қарқыны арта түсті. Алдымен "Қызылжар" футболшысы Йоханнес Бьорталидтің соққысы қақпа бағанасына тиді. Кейін "Астана" өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды. Станислав Басманов айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, елордалық клубты алға шығарды.

Бірақ қонақтар жеңісті есепті сақтап қала алмады. Матчтың 93-минутында Неделько Пищевич гол соғып, "Қызылжарды" жеңілістен құтқарып қалды. 

"Астананың" турнирлік жағдайы

Осы тең ойыннан кейін "Астананың" еншісінде 39 ұпай болды. Елордалық клуб Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.

Ал "Қызылжар" 23 ұпаймен чемпионат кестесінің орта тұсында келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.