ҚПЛ клубы бас бапкерін жұмыстан босатты
Павлодардың "Ертіс" ФК бас бапкер Марат Еслямовпен келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға келісті.
"Ертістің" жаңа бас бапкері анықталды
Инсайдер Елдар Аманбаевтың ақпараты бойынша, павлодарлық клуб басшылығы Марат Еслямовтың орнын басатын маманды таңдап қойған.
"Павлодардың "Ертісі" мен Марат Еслямов келісімшартты тоқтату жөнінде ортақ шешімге келді. Мендегі ақпарат бойынша клуб басшылығы жаңа бас бапкерді анықтап қойған. Ол командадағы жұмысына 21 тамызда кіріседі", — деп жазды Аманбаев Telegram-арнасында.
Қазір "Ертіс" Қазақстан Премьер-лигасының 22 турынан кейін турнир кестесінің соңғы сатысында келеді.
Еслямов неше матч өткізді?
48 жастағы қазақстандық маман "Ертістің" бас бапкері қызметіне 1 шілдеді ресми түрде тағайындалды. Ол бұл қызметте Нұрбол Жұмасқалиевті алмастырды.
Марат Еслямовтың жетекшілігімен павлодарлық команда ҚПЛ аясында алты кездесу өткізіп, 2 жеңіс, 1 тең ойын және 3 жеңіліс тіркеді.
Осылайша Еслямовтың "Ертістегі" қызметі небәрі алты матчпен шектелмек. Павлодарлық клубтың жаңа бас бапкерінің есімі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.