Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевтың анасы Хаби Алонсомен кездесті

Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтпаевтың анасы Мәдина Сәтпаева Лондонда "Челсидің" бас бапкері Хаби Алонсомен жеке кездескенін әлеуметтік желіде көрсетті.

Дастан Сәтпаевтың анасы Хаби Алонсомен кездесті
TengriSport

Алонсомен сурет жарияланды

Мәдина Сәтпаева әлеуметтік желідегі парақшасында испаниялық маманмен бірге түскен фотосын жариялады. 

“Сізбен жеке танысқаныма қуаныштымын, Хаби Алонсо”, – деп жазды ол суретке.

Бұған дейін Мәдина Сәтпаева ұлы Англияға аттанғаннан кейін Лондонда Дастанмен бірге түскен бірқатар фотосуретін де жариялаған еді.

Дастан анасына деген ықыласын жасырмайды

Жас футболшының анасымен қарым-қатынасы бұған дейін де жанкүйерлер назарын аударған. Сәтпаев “Қайратпен” бірге Қазақстан чемпионы атанғаннан кейін әлеуметтік желіде әсерлі видео тарады. Онда футболшы финалдық ысқырық естілген бойда анасын құшақтаған.

Бұл сәт қазақстандық жанкүйерлер арасында кеңінен талқыланды.

Сәтпаев биыл “Челсиде” емес

Дастан Сәтпаев шілденің ортасында Лондонға барып, “Челси” құрамында бірнеше жолдастық кездесуге қатысып үлгерді. Бірақ кейін лондондық клуб футболшыны Англияның екінші дивизионында өнер көрсететін “Бёрнлиге” жалға беру туралы шешім қабылдады.

Сәтпаевтың өзі Чемпионшиптегі тәжірибе оны мықтырақ футболшы етуге көмектесетінін айтқан. Сонымен қатар футболшының ауысуынан кейін “Бёрнлидің” әлеуметтік желідегі парақшаларына Қазақстаннан қызығушылық айтарлықтай артты.

Сәтпаев ауысқаннан кейін өткен “Бёрнлидің” алғашқы матчында команда өтініміне енген жоқ. Оның профилі әзірге клубтың ресми сайтында да жарияланбаған.

Команда 23 тамызда чемпионаттың екінші турында “Вест Бромвичпен” кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады. Бұл ойын Дастан Сәтпаевтың жаңа клубтағы дебютіне айналуы мүмкін.

Сонымен қатар 18 жастағы футболшы келесі аптада Англия лигасының кубогында да алғаш рет алаңға шығуы ықтимал. 26 тамыздан 27 тамызға қараған түні “Бёрнли” “Брэдфордпен” ойнайды.

Жарнама
Жарнама