Жарнама
Жарнама

Лионель Месси қарсыласын бетінен ұрғаны үшін жазаланды

Алайда жазаның нақты көлемі жарияланған жоқ.

Лионель Месси қарсыласын бетінен ұрғаны үшін жазаланды
sports24.kz

"Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси MLS тұрақты чемпионатындағы "Филадельфия Юнионға" қарсы матчтан кейін тәртіптік жазаға тартылды.

Лиганың тәртіптік комитеті аргентиналық футболшыны қарсыластың беті, басы немесе мойнына қолмен тиіспеуге қатысты ережені бұзды деп танып, оған айыппұл салды. Алайда жазаның нақты көлемі жарияланған жоқ.

Оқиға кездесудің 101-минутында болған. Лионель Месси "Филадельфия" шабуылшысы Куинн Салливанмен сөзге келіп қалғаннан кейін қарсыласының бетін ұрған.

Матч төрешісі бұл эпизодқа бірден назар аудармаған және аргентиналық футболшыға сол сәтте жаза қолданбаған. Кейін жағдайды MLS тәртіптік комитеті жеке қарастырып, Мессиге айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Матч соңындағы жанжал бірнеше ойыншыға әсер етті

Кездесу соңындағы жағдайға байланысты "Интер Майами" қорғаушысы Иэн Фрэй де тәртіптік жазаға тартылып, айыппұл алды.

Ал "Филадельфия Юнион" жартылай қорғаушысы Каван Салливанға көрсетілген қызыл қағаз бойынша кейін басқа шешім қабылданды. Тәуелсіз комиссия футболшының бір матчтық шеттетілуі мен айыппұлын жойды.

Мессидің MLS-тегі екінші тәртіптік жазасы

Лионель Месси MLS чемпионатында бұған дейін де тәртіптік жаза алды.

2025 жылдың ақпанында аргентиналық футболшы "Нью-Йорк Сити" клубы бапкерінің көмекшісімен болған жанжалдан кейін айыппұл төлеген еді.

"Интер Майами" мен "Филадельфия Юнион" арасындағы матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Жарнама
Жарнама