ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

ФИФА Аргентина футбол федерациясына қомақты айыппұл салды

Аргентина құрамасы ӘЧ-2026 қорытындысы бойынша бірқатар тәртіптік жазаға ұшырады.

ФИФА Аргентина футбол федерациясына қомақты айыппұл салды
REUTERS/Dylan Martinez/

Халықаралық футбол федерациясы Аргентина футбол қауымдастығына тәртіп бұзушылықтар үшін 321 мың доллар көлемінде айыппұл салды.

Стадионға қатысты шектеу қойылды

Айыппұлдың 100 мың доллары футболдағы кемсітушілікпен күресуге бағытталады. Сонымен қатар Аргентина құрамасы алдағы үйдегі кездесуін стадион сыйымдылығының 50%-нан аспайтын көрерменмен өткізуі тиіс.

Аргентина футбол қауымдастығы ФИФА-ның шешіміне апелляция беруге ниетті. Ұйым алдымен тәртіптік санкциялардың негіздемесін сұратып, кейін ФИФА-ның апелляциялық комитетіне жүгінбек. Сонымен қатар қажет болған жағдайда Спорттық арбитраж сотына шағым түсіру мүмкіндігін де қарастырылады.

Жеке санкциялар

Бұған қоса, әлем чемпионатының финалынан кейінгі төбелеске байланысты Аргентина құрамасының төрт өкіліне жеке санкциялар қолданылды.

  • Леандро Паредес 10 матчқа шеттетіліп, 90 мың доллар айыппұл алды.
  • Науэль Молина жеті ойынға дисквалификацияланып, 90 мың доллар төлеуге міндеттелді.
  • Тьяго Альмада бір матчқа шеттетіліп, 30 мың доллар айыппұл арқалады.
  • Ал бапкер Роберто Айяла үш матчқа дисквалификацияланып, 30 мың доллар айыппұл алды.

ФИФА Аргентина футбол қауымдастығына салынған санкцияларға команда мүшелерінің алаңға Мальвин аралдарына қатысты саяси ұран жазылған баннер алып шығуы да себеп болған. Айта кетейік, биыл әлем чемпионатының финалында Аргентина Испаниядан 0:1 есебімен жеңілді. Кездесудегі жалғыз голды қосымша уақытта Ферран Торрес соқты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.