Месси қарсыласын аямады: "Интер Майами" жеті гол соқты
Жуырда "Интер Майами" өз алаңында канадалық "Монреальмен" кездескен болатын.
"Интер Майами" MLS тұрақты чемпионатының кезекті турында канадалық "Монреальды" өз алаңында 7:1 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесудің басты қаһарманы Лионель Месси болды. Аргентиналық шабуылшы төрт гол соғып, покер жасады және бір нәтижелі пас берді.
Месси төрт гол соқты
Месси қарсылас қақпасын 40, 52, 83 және 90+6-минуттарда дәл көздеді. Осылайша аргентиналық футболшы матчты төрт гол және бір нәтижелі паспен аяқтап, команданың жеті голының бесеуіне тікелей қатысты.
"Интер Майамидің" қалған голдарын Каземиро, Луис Суарес және Александр Шоу соқты.
"Монреаль" сапындағы жалғыз голдың авторы – Фабиан Герберс.
"Интер Майами" сәтсіз сериясын тоқтатты
Бұл нәтиже Майами клубына MLS-тегі төрт матчқа созылған жеңіссіз сериясын үзуге мүмкіндік берді.
"Интер Майами" 42 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орында келеді.
Көш басындағы "Нэшвиллдің" еншісінде 52 ұпай бар. Ал "Монреаль" 21 ұпаймен конференцияның 14-сатысында орналасқан.