Жарнама
Жарнама
Қазақстан Өзбекстанды сегіз гол соғылған матчта жеңді
Instagram/@kff_jastar

Қазақстан Өзбекстанды сегіз гол соғылған матчта жеңді

Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы Шымкенттегі жолдастық матчта Өзбекстанды пенальти сериясында жеңді.

Әнуар Төленді хет-трик жасады

Қазақстан мен Өзбекстанның U-17 құрамалары арасындағы тартысты ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталды.

Алаң иелері сапында Әнуар Төленді үш гол соғып, хет-трик авторы атанды. Қазақстан құрамасының тағы бір добын Сәлім Хасанов енгізді.

Жеңіс пенальти сериясында келді

Тең нәтижеден кейін командалар матч соңындағы пенальти сериясында жеңімпазды анықтады. Онда қазақстандық футболшылар мүмкіндіктерін сәттірек пайдаланып, 5:4 есебімен басым түсті.

Қазір Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Шымкентте күзгі оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Дайындық бағдарламасы аясында команда тағы үш халықаралық жолдастық кездесу өткізеді.

Алдағы ойындар кестесі:

28 қыркүйек — Қазақстан U-17 – Өзбекстан U-17;

2 қазан — Қазақстан U-17 – Ресей U-17;

5 қазан — Қазақстан U-17 – Ресей U-17.

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Қазақстан U19