Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына жетті
Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы алғашқы матчы алдында Фарер аралдарына аман-есен келді.
Ұлттық құрама Воар әуежайына қонды
ҚФФ таратқан бейнежазбада қазақстандық футболшылардың ұшақтан түсіп, әуежай ғимаратына бет алған сәті көрсетілген.
Федерация мәліметінше, ұлттық құрама Фарер аралдарына сәтті жеткен. 25 қыркүйекте команда матч алдындағы жаттығуын өткізіп, алдағы ойынға дайындықты қорытындылайды.
Қазақстан құрамасының Фарер аралдарына келген сәтінің видеосы төменде ұсынылған.
Ұшақтың сапары ауа райына байланысты кейінге шегерілген
Бастапқы жоспар бойынша Астанадан шыққан чартерлік рейс Фарер аралдарына 24 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де қонуы керек еді.
Бірақ ауа райының құбылу салдарынан Воар әуежайындағы бірқатар тұрақты рейс тоқтатылды. Осыған байланысты Қазақстан құрамасы мінген ұшақтың келуі 25 қыркүйекке ауыстырылды.
С3 тобындағы Ұлттар лигасының бірінші тур матчы 26 қыркүйекте Торсхавн қаласындағы "Торсволлур" стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.