Жарнама
Жарнама
Футболдан Қазақстан құрамасына жаңа капитан тағайындалды
Instagram/@kff_team

Футболдан Қазақстан құрамасына жаңа капитан тағайындалды

Енді ұлттық команданы алаңға "Астананың" тәжірибелі жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан бастап шығады.

Капитан Нұралы Әліп болған

Журналист Ермұхамед Мәуленнің мәліметінше, 33 жастағы футболшыға Қазақстан құрамасының капитандық міндеті ресми түрде сеніп тапсырылған.

Бұған дейін капитандық таңғыш Санкт-Петербургтің "Зенит" клубында ойнайтын Нұралы Әліпке тиесілі болды. Ол бұл мәртебені 2025 жылғы 4 қыркүйекте әлем чемпионатының іріктеу матчы қарсаңында алған.

Әліпке дейін Қазақстан құрамасын ұзақ жыл бойы Асхат Тағыберген бастап шыққан. Тәжірибелі жартылай қорғаушы халықаралық мансабын аяқтағаннан кейін капитандық міндет Нұралыға берілді.

Исламханның ұлттық құрамадағы көрсеткіші

Бауыржан Исламхан Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойынын 2012 жылғы 29 ақпанда өткізді. Латвияға қарсы жолдастық кездесу 0:0 есебімен аяқталған еді.

Қазір жартылай қорғаушының ұлттық команда сапындағы статистикасы — 56 матч және 4 гол. Дебютті 2012 жылы жасаған. 

Исламхан — ұлттық құраманың қазіргі сапындағы тәжірибесі мол футболшылардың бірі.

26 қыркүйекте Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Джон ван ’т Схип шәкірттері сырт алаңда Фарер аралдарының құрамасымен ойнайды. С дивизионының үшінші тобындағы бірінші тур матчы Торсхавн қаласындағы "Торсволлур" стадионында өтеді.

Жарнама
Жарнама