Қазақстан құрамасын Словакияда қанша жанкүйер қолдайтыны белгілі болды
Футболдан Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасының Словакияға қарсы сырт алаңдағы ойынында шамамен 250 жанкүйер қолдайды.
Жанкүйерлер Кошицеге Еуропаның әр елінен ағылды
Кездесуді тамашалау үшін қазақстандық жанкүйерлер Еуропаның түрлі елдерінен Кошице қаласына жиналған. Бұған дейін Фарер аралдарындағы сырт алаң ойынында құраманы Қазақстаннан барған төрт жанкүйер қолдаған еді. Оларға Қырғызстаннан келген жанкүйерлер де қосылды.
Матч қашан басталады?
Ұлттар лигасының С дивизионындағы екінші тур кездесуі бүгін 29 қыркүйекте Кошицедегі футбол аренасында өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:45-те басталады.
Алғашқы турда Қазақстан Фарер аралдарымен сырт алаңда 1:1 есебімен тең ойнады. Словакия өз алаңында Молдованы 2:0 есебімен жеңді.
Жарнама
Жарнама
Клуб беті:
Қазақстан