Роналду Португалия құрамасының жаттығуына қатысудан бас тартты
Криштиану Роналду Ұлттар лигасында Норвегияға қарсы матчта алаңға шықпағанына наразы болып, Португалия құрамасының жаттығуына қатыспаған.
Бүкіл матчты қосалқы құрамда өткізді
27 қыркүйекте Португалия Норвегияны 2:1 есебімен жеңді. Бірақ команда капитаны Криштиану Роналду кездесуді толықтай қосалқы құрамда өткізген.
РБК келтірген A Bola басылымының мәліметінше, футболшы соңғы 18 жылда алғаш рет ұлттық құраманың ресми матчында алаңға шықпаған. Осы жағдайдан кейін оның жаттығуға қатыспауы команда ішіндегі ахуалға әсер еткен.
Бапкер соңғы 30 минутта шығаруға уәде берген
Басылымның жазуынша, бас бапкер Роналдуға матчтың соңғы жарты сағатында ойнауға мүмкіндік беретінін айтқан. Шабуылшы қыздыру жаттығуларын бастағанымен алаңға шығуға кезек келмеген. Кездесу аяқталған соң Роналду көңілі толмағанын жасырмай, бірден киім ауыстыру бөлмесіне кеткен. Жанкүйерлерге алғыс айту үшін де кідірмеген.
Ақпаратқа сәйкес, Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш пен Роналду жағдайды талқылау үшін кездескен. Басылым әңгіме оң әсер қалдырғанын атап өтті.