Жарнама
Жарнама
Болгарияда футбол клубының президентін атып кетті
focus-news.net

Болгарияда футбол клубының президентін атып кетті

Болгарияның Пловдив қаласындағы "Ботев" клубының президенті әрі иесі Илиян Филипов қаза тапты.

Қылмыс үйінің ауласында болған

Ақпарат бойынша Филипов өз командасының матчынан кейін үйіне оралған кезде шабуылға ұшыраған. Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша оған бір рет оқ атылған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктіні іздестіріп жатыр.

"Ботев" клубы президентінің қайтыс болғанын растап, оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Ботев" – Болгарияның ең көне клубтарының бірі

Пловдивтің "Ботев" клубы 1912 жылғы 12 наурызда құрылған. Команда өз тарихында екі рет Болгария чемпионы атанған және қазір елдің жоғары дивизионында өнер көрсетеді.

"Шымшықтар" атанған ұжым үйдегі матчтарын 18 мың көрерменге арналған "Ботев" стадионында өткізеді. Клубқа Болгарияның ұлттық қаһарманы, ақын әрі революционер Христо Ботевтың есімі берілген.

Жарнама
Жарнама