Жарнама
Жарнама
Ұлттық құрамаға үміткер футболшы "Қызылжарға" ауысуы мүмкін
asnews.kz

Ұлттық құрамаға үміткер футболшы "Қызылжарға" ауысуы мүмкін

Қазір 23 жастағы орталық қорғаушының трансфері бойынша тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Петропавлдық "Қызылжар" футбол клубы "Елімайдың" 23 жастағы орталық қорғаушысы Әділбек Жұмақановты қатарына қоспақ.

ASnews.kz мәліметінше, тараптар ықтимал трансфер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Трансферге Жуковский қызығушылық танытқан

Жұмақановты "Қызылжарға" шақыру бастамасын солтүстікқазақстандық клубтың бас бапкері Виталий Жуковский көтерген.

Маман қорғаушының мүмкіндігін жақсы біледі, себебі екеуі бұған дейін "Атырауда" бірге жұмыс істеген.

Биыл Әділбек Жұмақанов "Елімай" сапында барлық турнирді қосқанда 15 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Футболшының ойын уақыты жарақатына байланысты шектеулі болды.

Қазақстан құрамасында үш матч өткізді

Жұмақановтың Қазақстан ұлттық құрамасы сапында үш матчы бар.

Ол ұлттық команда сапындағы дебютін 2024 жылы Аустрияға қарсы өткен үй кездесуінде жасады. Сол матчта Қазақстан 0:2 есебімен жеңілген еді.

Қорғаушы қазір де ұлттық құрамаға кандидат футболшылардың қатарында.

Трансферлік құны 600 мың еуро

Қазіргі уақытта Әділбек Жұмақановтың трансферлік құны шамамен 600 мың еуроға бағаланады.

2025 жылдың басында "Елімай" оны "Атыраудан" 170 мың еуроға сатып алған еді. Бұған дейін футболшы Қызылорданың "Қайсар" клубында жалға ойнады.

Жарнама
Жарнама