Жарнама
Жарнама
"Барселона" Мессимен қоштасу рәсімін "Камп Ноуда" өткізбек
instagram.com/leomessi/

"Барселона" Мессимен қоштасу рәсімін "Камп Ноуда" өткізбек

Каталониялық клубтың бұрынғы директорлар кеңесінің мүшесі Тони Фрейшаның айтуынша, шара алдағы бір жарым жыл ішінде "Камп Ноу" стадионында өтеді.

Қоштасу рәсімі қашан өтеді?

Тони Фрейша аргентиналық футболшыны құрметтеуге арналған шараның өтетіні расталғанын жеткізді. Оның сөзін The Touchline жариялаған.

Бұған дейін де "Барселона" басшылығы стадионды жаңарту жұмыстары аяқталған соң клуб аңызына құрмет көрсетуді жоспарлаған. Дегенмен іс-шараның нақты күні мен түпкілікті форматы әзірге жарияланған жоқ.

Қолда бар ақпаратта қоштасу рәсімі туралы айтылған. Мессидің арнайы матчта алаңға шығатыны жөнінде нақты мәлімет берілмеген.

Мессидің "Барселонадағы" жетістіктері

Лионель Месси – "Барселона" академиясының түлегі. Ол негізгі команда сапындағы алғашқы матчын 2004 жылы өткізіп, клубта 2021 жылға дейін ойнады.

Осы кезеңде аргентиналық шабуылшы каталониялық ұжымның басты тұлғаларының біріне айналды. Месси "Барселонамен" бірге:

  • Испания чемпионатын 10 рет жеңіп алды;
  • Чемпиондар лигасында төрт мәрте топ жарды.

2021 жылдың жазында клубтың қаржылық қиындықтарына байланысты футболшымен келісімшартты ұзарту мүмкін болмады. Осыдан кейін Месси "Пари Сен-Жерменге" ауысып, Францияда екі маусым өткізді.

Аргентиналық футболшы 2023 жылдың жазынан бері АҚШ-тың "Интер Майами" клубында өнер көрсетеді. 39 жастағы шабуылшының америкалық командамен келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін есептелген.

Аргентина құрамасындағы рекордтары

Месси 7 қазанда Аргентина құрамасы сапындағы қоштасу матчын өткізген. Оның ұлттық командадағы көрсеткіштері – 208 матч, 126 гол және 70 нәтижелі пас.

Аргентина құрамасымен бірге Месси 2021 және 2024 жылдары Америка кубогын, 2022 жылы әлем чемпионаты мен "Финалиссиманы" жеңіп алды. Сонымен қатар 2014 және 2026 жылғы әлем чемпионаттарында күміс жүлдегер атанды. 

Жарнама
Жарнама