Жарнама
Жарнама
Қазақстандық шабуылшы Испанияда 12 минутта дубль жасады
Vesti.kz

Қазақстандық шабуылшы Испанияда 12 минутта дубль жасады

82-минутта Даниил Анкудинов есепті теңестірді. Ал 94-минутта екінші голын соғып, "Бергантиньосты" 2:1 есебімен алға шығарды. 

Қазақстандық шабуылшы Даниил Анкудинов Испаниядағы "Бергантиньос" клубы сапында нәтижелі ойын өткізіп, бір матчта екі гол соқты.

Оның командасы Испания Корольдік футбол федерациясы Екінші дивизионының 1-тобындағы алтыншы турда "Аросамен" 2:2 есебімен тең түсті.

Бірінші таймда гол соғылған жоқ

Кездесуге дейін "Бергантиньос" чемпионат көшбасшысы әрі маусымда әлі жеңілмеген командалардың бірі ретінде келді.

"Ароса" болса Испания футболының күш жағынан төртінші дивизионына қайта оралғаннан кейін алғашқы жеңісіне жетуге тырысты. 

Бірінші таймда командалар есеп аша алмады.

Үзілістен кейін, 60-минутта алаң иелері Хорхе Масейра Гонсалестің голынан соң алға шықты.

Анкудинов 12 минутта екі рет көзге түсті

Матчтың шешуші сәттері соңғы минуттарда болды. 82-минутта Даниил Анкудинов есепті теңестірді. Ал қосылған уақыттың 94-минутында қазақстандық шабуылшы екінші голын соғып, "Бергантиньосты" 2:1 есебімен алға шығарды. Дегенмен, "Ароса" матчты құтқарып үлгерді. 96-минутта Уго Торрес гол соғып, қорытынды есепті 2:2 етті.

Бұл нәтижеден кейін "Бергантиньос" 14 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Ал "Ароса" төрт ұпаймен соңғыдан бір саты жоғары орында тұр.

Жарнама
Жарнама