Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Қайратқа" қарсы ойын алдында "Рига" кадрлық қиындықтарға тап болды

Ұлттар лигасы аясындағы бұл матч 15 қазан күні өтеді. Алматылық клуб сырт алаңда ойнайды. 

"Қайратқа" қарсы ойын алдында "Рига" кадрлық қиындықтарға тап болды
sportarena.kz

Латвиялық "Рига" клубының бас бапкері Адриан Гуля УЕФА Конференциялар лигасы аясында алматылық "Қайратқа" қарсы өтетін матч алдында кадрлық қиындықтар туралы айтты.

RSS.lv мәліметінше, латвиялық клубтың бірнеше маңызды ойыншының жарақаты бар. 

Кімнің жарақаты бар?

"Риганың" жартылай қорғаушысы Орландо Гало ұлттық құрама сапындағы ойындардан кейін тізесіне операция жасатқан. Бас бапкердің айтуынша, футболшының толық қалпына келуіне шамамен 4-5 апта қажет.

"Тукумсқа" қарсы кездесуде "Риганың" вингері Кайо жарақатына байланысты алаңнан ауыстырылды. Алдын ала ақпарат бойынша, оның жамбас бұлшықетінің артқы бөлігі зақымданған. Оның "Қайратқа" қарсы матчқа қатысу-қатыспауы әзірге нақты емес.

Қорғаушы Баба Муса да соңғы матчқа толық дайын күйде шықпаған. Соған қарамастан, "Рига" бапкері оның "Қайратқа" қарсы кездесуге дейін қалпына келуіне үміт білдірді.

Матч 15 қазанда өтеді

"Рига" мен "Қайрат" арасындағы Конференциялар лигасының жалпы кезеңінің бірінші тур матчы 15 қазанда өтеді.

Кездесу "Сконто" стадионында ұйымдастырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын