Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Формула-1" Африкаға оралады: Руандамен 10 жылдық келісім жасалды

"Формула-1" Африкаға оралады: Руандамен 10 жылдық келісім жасалды
forbes.ru

"Формула-1" басшылығы Руандада Африка Гран-приін өткізетін болды. Тараптар 10 жылдық келісімге қол қойылғанын жариялады.

Жоспар бойынша жаңа кезең жарыс күнтізбесіне 2030-жылдардың басында қосылады. Нақты дебют маусымы әзірге аталған жоқ.

Руанда Африкадағы үшінші ел болмақ

Егер жоспарланған жарыс жүзеге асса, Руанда "Формула-1" тарихында Гран-при қабылдаған Африкадағы үшінші мемлекетке айналады.

Бұған дейін құрлықта жарыстар:

  • Мароккода – 1958 жылы;
  • Оңтүстік Африка Республикасында – 1962-1993 жылдары өтті.

Африкадағы соңғы "Формула-1" кезеңі 1993 жылы Кьялами автодромында ұйымдастырылды. Осылайша, чемпионат қара құрлыққа шамамен 30 жылдық үзілістен кейін қайта оралмақ.

Жаңа кезең Visit Rwanda брендімен өткізіледі. Алайда жарыстың нақты қай маусымда басталатыны әлі жарияланған жоқ.

Қазіргі маусымда Антонелли көш бастап тұр

Қазіргі маусымда чемпионаттың жеке есебінде "Мерседес" пилоты Кими Антонелли 340 ұпаймен бірінші орында тұр.

Оның командаласы Джордж Расселл 238 ұпаймен екінші, ал "Феррари" өкілі Льюис Хэмилтон 229 ұпаймен үшінші орында.

Келесі Гран-при 23-25 қазан аралығында АҚШ-тың Остин қаласында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?