Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әлем чемпионатында медальсіз қалған қазақстандық дзюдошы рейтингте жоғарылады

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар IJF әлемдік рейтингінде бір саты көтерілді.

Әлем чемпионатында медальсіз қалған қазақстандық дзюдошы рейтингте жоғарылады
inbusiness.kz

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы бұған дейін сегізінші орында тұрса, жаңартылған рейтингте жетінші орынға көтерілді.

Әлем чемпионатында қолаға бір қадам жетпеді

7 қазанда Бакуде өткен әлем чемпионатында Абылайхан Жұбаназар жүлдеге жақын болды.

Қола медаль үшін белдесуде ол Әзербайжан өкілі Омар Ражаблимен кездесті. Белдесудің тағдырын қарсыластың бір нәтижелі әдісі шешіп, Ражабли "иппонмен" жеңіске жетті. Осылайша, Жұбаназар мансабында әлем чемпионатының алғашқы медалін иелену мүмкіндігінен айырылды.

Соған қарамастан, турнирден кейін қазақстандық дзюдошының әлемдік рейтингтегі көрсеткіші жақсарды.

Абылайхан Жұбаназардың басты жетістіктері

Абылайхан Жұбаназар 2000 жылғы 5 ақпанда Қызылордада дүниеге келген.

Оның негізгі жетістіктері:

  • 2023 жылғы "Үлкен дулыға" кезеңінің күміс жүлдегері;
  • 2023-2026 жылдары "Үлкен дулыға" кезеңдерінде алты рет қола жүлде иегері;
  • 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері;
  • 2026 жылғы Азия чемпионатының жеке сынында қола жүлдегер;
  • 2026 жылғы Азия чемпионатының командалық сынында күміс жүлдегер;
  • 2026 жылғы "Үлкен дулыға" кезеңінің жеңімпазы;
  • 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қатысушысы.

Жұбаназар Қазақстан Республикасының спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие.

Бұл туралы не ойлайсыз?