Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасының вингері "Ақтөбеге" ауыса ма?

Бұған дейін футболшыға Түркия мен Ресей клубтары да қызығушылық танытқан. 

Қазақстан құрамасының вингері "Ақтөбеге" ауыса ма?
kff.kz

Құқықтары "Астанаға" тиесілі

"Ақтөбе" клубы "Қайсар" мен Қазақстан жастар құрамасының вингері Нұралы Жақсылықты қатарына қоспақ. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады. 

Нұралы Жақсылықтың трансферлік құқықтары елордалық "Астана" клубына тиесілі. Оның келісімшарты жыл соңында аяқталады. Шілде айынан бері футболшы "Қайсар" сапында жалда ойнап жүр. Осы кезеңде Нұралы Жақсылық 12 матч өткізіп, 3 гол соқты. 1 нәтижелі пас берді.

Футболшының қазіргі нарықтық құны шамамен 200 мың еуроға бағаланады.

Түркия мен Ресейден де қызығушылық болған

Бұған дейін Нұралы Жақсылыққа Түркияның екінші дивизионында ойнайтын "Кайсериспор" клубы және Ресейдің "Факел" командасы қызығушылық танытқаны хабарланған.

Сонымен қатар қаңтардың соңында ол Грузияның "Колхети-1913" клубында қаралымнан өткен. Алайда жаттығу кезінде жарақат алғандықтан, грузиялық клубпен келісімшартқа қол қоя алмаған.

ҚПЛ-дың аяқталуына үш тур қалғанда "Ақтөбе" 45 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында тұр. Команда еурокубок жолдамасы үшін күресті жалғастырып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?