Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатының финалына шықты

Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен Лас-Вегастағы U23 әлем чемпионатында алтын медальға таласады.

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатының финалына шықты
olympic.kz

Айтбеков украиналық балуаннан басым түсті

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Айбек Айтбеков жартылай финалда украиналық Евгений Поковбамен белдесті. Қазақстандық балуан жеңіске жетіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Айтбеков финалда әзербайжандық Эльмир Алиевпен кездеседі.

Ашраповтың финалдағы қарсыласы анықталды

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Юсуф Ашрапов жартылай финалда түркиялық Ибрахим Өздемірді ұтты. Енді қазақстандық балуан әлем чемпионы атағы үшін армениялық Гаспар Тертерянмен күш сынасады.

Осылайша Қазақстан құрамасының екі өкілі де кемінде күміс медаль еншілейді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?