Жарнама
Жарнама
"Қайрат" УЕФА Жастар лигасында 8:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті
instagram.com/fckairat_academy/

"Қайрат" УЕФА Жастар лигасында 8:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті

Алматылық "Қайрат" U-19 УЕФА Жастар лигасында черногориялық "Младость Донья-Горица" командасын екі матч қорытындысы бойынша тізе бүкітірді. 

Алматыдағы матчта кімдер гол соқты?

УЕФА Жастар лигасының 2026/27 маусымындағы ел чемпиондары жолының бірінші раунды "Қайрат" үшін сәтті аяқталды. Алматыда өткен қарымта ойында алаң иелері қарсылас қақпасына сегіз гол соқты.

"Қайрат" сапында мына футболшылар мергендігімен көзге түсті:

  • Төре Ысмағұлов – 5-минутта;
  • Дәулет Орынбасар – 28-минутта, пенальтиден;
  • Артур Трубин – 37 және 42-минуттарда;
  • Данияр Ташпулатов – 76-минутта;
  • Абылай Төлеухан – 79-минутта;
  • Нұржан Еркін – 88-минутта, пенальтиден;
  • Абылай Жылқайдар – 90+1-минутта.

Қонақтардың жалғыз голын 70-минутта Петар Пантич соқты. Ал Артур Трубин дубль авторы атанды.

"Қайраттың" келесі қарсыласы – МТК

Командалардың алғашқы кездесуі 15 қыркүйекте Подгорицадағы DG Arena стадионында өтіп, "Қайрат" 5:0 есебімен жеңіске жеткен. 

Осылайша алматылықтар екі матчтың жалпы нәтижесінде 13:1 есебімен басым түсіп, екінші раундқа шықты. Келесі кезеңде "Қайрат" Венгрияның МТК клубымен кездеседі.

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Қайрат 2-орын