Жарнама
Жарнама
Месси "Интер Майамиді" MLS плей-офф кезеңіне шығаруға көмектесті
instagram.com/leomessi/

Месси "Интер Майамиді" MLS плей-офф кезеңіне шығаруға көмектесті

Аргентиналық футбол жұлдызы нәтижелі пас беріп, "Интер Майамидің" АҚШ футбол лигасындағы маңызды жеңісіне үлес қосты. Флоридалық клуб "Нью-Йорк Ситиді" жеңді.

Мессидің нәтижелі пасы 

MLS тұрақты чемпионаты аясындағы кездесу Майамидегі "Nu Stadium" стадионында өтті. Алаң иелері қарсыласын 2:0 есебімен ұтып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты.

Матчтың 20-минутында аргентиналық шабуылшы Херман Бертераме есеп ашты. Ал бірінші таймның қосымша уақытында Родриго Де Пауль екінші голды соғып, командасының басымдығын арттырды.

Бұл кездесуде Лионель Месси мен уругвайлық шабуылшы Луис Суарес нәтижелі пастарымен көзге түсті.

"Интер Майами" плей-офф кезеңіне шықты

Осы жеңістен кейін "Интер Майами" тұрақты чемпионаттағы ұпай санын 52-ге жеткізіп, Шығыс конференциясында екінші орынға орналасты.

Конференция көшін 66 ұпай жинаған "Нэшвилл" бастап тұр. Ал "Нью-Йорк Сити" 33 ұпаймен оныншы сатыда келеді. Нью-Йорктік команда әзірге плей-офф аймағынан тыс қалып отыр.

"Интер Майами" үшін бұл жеңістің маңызы зор. Команда MLS чемпионатының шешуші кезеңіне қатысу құқығын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Жарнама
Жарнама