Қазақстан Еуропа чемпионатынан шығып қалды
Отандастарымыз топтық кезеңдегі үш кездесуде де жеңіліп, соңғы орынға тұрақтады.
Қазақстан құрамасы Исландиядан жеңілді
Қазақстанның U-17 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы кездесуін Исландияға қарсы өткізді. Үшінші турдағы матч 2:0 есебімен аяқталды.
Исландия құрамасы сапында Бриет Фьола мен Хавдис Элмарсдоттир нәтижелі соққыларымен көзге түсті. Осылайша қазақстандық футболшылар іріктеу кезеңіндегі үшінші жеңілісіне ұшырап, бірде-бір ұпай жинай алмады.
Үш матчта 16 гол жіберді
Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы Еуро-2027 іріктеуінің үшінші тобында Германия, Чехия және Исландиямен күш сынасты.
Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі нәтижелері:
Германия – Қазақстан 9:0;
Чехия – Қазақстан 5:0;
Қазақстан – Исландия 0:2.
Үш кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық футболшылар қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмады. Керісінше, өз қақпасына 16 доп жіберді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы ұпайсыз қалып, үшінші топтың соңғы төртінші сатысына жайғасты.