"Қайрат" "Ригамен" тең түскені үшін қанша миллион теңге табыс тапты?
Алматылық "Қайрат" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчынан кейін қомақты қаржылай сыйақыға ие болды.
"Қайрат" тең ойын үшін 67 миллионнан астам теңге алады
Алматының "Қайраты" Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы жалпы кезеңді тең нәтижемен бастады. Қазақстандық команда сырт алаңда латвиялық "Ригамен" кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.
Amanvibe.kz мәліметінше, бұл нәтиже алматылық клубқа қосымша қаржылай табыс әкелді.
УЕФА бекіткен сыйақы мөлшеріне сәйкес, "Қайрат" тең ойын үшін 133 мың еуро немесе шамамен 67,6 миллион теңге алады. Ал жалпы кезеңдегі әрбір жеңіс үшін қарастырылған сыйақы бұдан үш есеге жуық жоғары.
"Қайрат" жеңіске жетсе, неше ақша алады?
Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде жеңіске жеткен командаға УЕФА 400 мың еуро көлемінде сыйақы төлейді. Бұл шамамен 203,3 миллион теңгеге тең.
Турнирдегі нәтижелерге байланысты төленетін қаржы мөлшері:
- Жеңіс үшін: 400 мың еуро (203,3 миллион теңге);
- Тең ойын үшін: 133 мың еуро (67,6 миллион теңге).
Осылайша "Қайраттың" еурокубоктағы әрбір сәтті кездесуі клуб бюджетіне қосымша табыс түсіруге мүмкіндік береді.
"Қайраттың" келесі қарсыласы кім?
Рафаэль Оразбахтин жаттықтыратын алматылық клуб Конференциялар лигасының келесі кездесуін 22 қазанда өткізеді. Бұл жолы "Қайрат" өз алаңында Грекияның әйгілі "Панатинаикос" командасын қабылдайды.
Сонымен қатар жалпы кезең аясында қазақстандық клубты тағы төрт қарсылас күтіп тұр:
"Аталанта" (Италия);
"Университатя" Крайова (Румыния);
"Твенте" (Нидерланд);
"Мьельбю" (Швеция).