Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Қайрат" Конференциялар лигасында жеңісті уысынан шығарып алды

Алматылық "Қайрат" УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ойынында Латвияның "Рига" командасымен ұпай бөлісті. 

"Қайрат" Конференциялар лигасында жеңісті уысынан шығарып алды
instagram/@f.c.kairat

"Қайрат" матчт басында есеп ашты

Ойынның 5-минутында "Қайрат" пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Испаниялық шабуылшы Марк Гуаль 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындап, алматылықтарды алға шығарды.

Бірақ алаң иелері араға небәрі жеті минут салып таразы басын теңестірді. 12-минутта Салах М'Ханд дәл соққы жасады. 

Анарбеков жеңілістен құтқарды

Кездесудің 28-минутында латвиялық клуб есепте алға шығуға тамаша мүмкіндік алды. Төреші "Қайрат" қақпасына пенальти белгіледі. Доптың жанына келген Мохамед Бадамоси бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Қазақстандық команданың қақпашысы Темірлан Анарбеков қарсыластың соққысын қайтарып, өз командасын екінші голдан аман алып қалды.

Сөйтіп матчтың қалған бөлігінде екі команда да есепті өзгерте алмады.

Алматылық клуб Конференциялар лигасындағы екінші кездесуін 22 қазанда өткізеді. Бұл жолы "Қайрат" Грекияның әйгілі "Панатинаикосын" қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын