Чемпиондар лигасын кім жеңеді: Суперкомпьютер болжамы

Редактор Penalty.kz
18.09.2024, 17:57

Басты фаворит Англияның «Манчестер Сити» клубы. 

ulysmedia.kz

Opta суперкомпьютері жасаған болжамға сәйкес, Чемпиондар лигасының биылғы маусымында «Манчестер Ситидің» чемпион атану мүмкіндігі 25,3%. 

Жалпы, соңғы бірнеше маусым қатарынан «Сити» «қалқаң құлақ» кубок иегері атануға басты үміткер саналып келеді. 

Ал екінші орында мадридтік «Реал» тұр. Оның жеңіске жету мүмкіндігі 18,2% деп бағаланды. Үздік үштікті алғаш рет миландық «Интер» (10,9%) түйіндейді. 

Қалған командалардың мүмкіндігі 6,5%-дан төмен. Мәселен, «Бавария» мен ПСЖ 4,1 пайыздан берілді.