Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Гвардиола "Ситидің" кезекті сәтсіздігіне баға берді

Редактор Penalty.kz
12.12.2024, 13:20

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола Чемпиондар лигасында "Ювентуске" қарсы жеңіліс бойынша ой бөлісті. 

sportbox.ru

“Қалалықтар” Туринде 0:2 есебімен ұтылды.

“Біз бүгін өте жақсы ойнадық. Алдыңғы ойындармен салыстырғанда допқа көп уақыт иелік еттік. Позицияларды дұрыс таңдадық. Бірақ қорғаныста “жатып” алатын италиялық командаларға қарсы оңай болмайды. Италияның командалары мұндайға хас шебер. Біз бүгін жеңілсек те өз футболымызды ойнадық. Соңғы пас, соңғы әрекет жетіспеді. Қалай дегенмен жігіттерімді мақтан тұтамын. Олар бүгін барын салып бақты”, –деді Гвардиола TNT Sports-қа берген сұхбатында.

Қазір ағылшындық клуб турнир кестесінде 8 ұпаймен 22-орында келеді. Дегенмен бұл позиция “Ситиге” біліктілік матчтарына қатысуға мүмкіндік береді. Ал “Ювентус” 14 ұпаймен 11-орынға көтерілді.