Ресейлік журналист: "Зенит" Нұралының құнын түсірмейді деген сенімдемін"

Редактор Penalty.kz
12.01.2025, 12:01

Бул туралы "Спорт Экспресс" журналисті Гоша Чернов айтты.

offside.kz

Журналист Әліптің "Манчестер Юнайтедке" ауысуы жайлы пікірін білдірді. 

"Хусановтың Диаш, Стоунз, Аканджи, Гвардиол сынды үздік қорғаушылармен негізгі құрамдағы орынға таласатынына сену қиын. Бірақ бұл ақиқат. Хусановты 2023 жылдың жазында "Лансқа" қайдағы бір 100 мың еуроға сатып жіберген "Энергетик БГУ-ға" жаным ашиды. "Манчестер Юнайтедтен" Әліпке ұсыныс түскенде "Зенит" Нұралының құнын түсірмейді деген сенімдемін", – деп жазды журналист Гоша Чернов.

Еске сала кетейік, Нұралы Әліп 2022 жылдан бері "Зенит" сапында доп тебеді. Осы уақыт аралығында отандасымыз екі рет Ресей Суперкубогын жеңіп, екі мәрте Ресей чемпионы атандв.