Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Франциялық шабуылшы Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" клубында мансабын жалғастыра беретінін мәлімдеді
Бұл ақпаратты журналист Фабрицио Романо растады.
"Бұл әңгімелер шындыққа жанаспайды. Мен өзімді жақсы сезінемін және әлі бірнеше жыл ойнауға күшім жетеді", — деді 36 жастағы Бензема.
Кәрім Бензема "Әл-Иттихад" клубына 2023 жылдың жазында еркін агент ретінде қосылды.
Ол осы маусымда барлық турнирлерде 11 матч өткізіп, 10 гол және үш нәтижелі паспен көзге түсті. Футболшының клубпен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Бенземаның нарықтық құны €8 млн-ға тең.