Қазақстан Ұлттар лигасында алғашқы жеңіске жетті

Редактор Penalty.kz
05.04.2025, 00:55

ҚР әйелдер құрамасы 2025 жылғы Ұлттар лигасының сырт алаңда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тас-талқан етті.

Instagram/@kff_women

Ойынның бесінші минутында есепті ашқан Бибігүл Нұрышева кейінірек (36-минутта) пенальтиден тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Сонымен қатар, Карина Берікова (26-минут) мен Әмина Бибосынова (90+5) да мергендіктерін дәлелдеді.

Бұл нәтиже — Қазақстан құрамасының биылғы маусымдағы Ұлттар лигасындағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін қыздар Люксембургпен тең түскен (2:2) және Армениядан жеңілген еді (0:2).

Үшінші турдан кейінгі С дивизионының 3-тобындағы жағдай мынадай:

  1. Люксембург — 7 ұпай
  2. Армения — 6 ұпай
  3. Қазақстан — 4 ұпай
  4. Лихтенштейн — 0 ұпай