Соңғы секундтардағы гол мен қызыл қағаз: Қазақстан қыздар құрамасының ойыны драмамен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

U-19 жасындағы қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші матчында Косоводан жеңіліс тапты.

Соңғы секундтардағы гол мен қызыл қағаз: Қазақстан қыздар құрамасының ойыны драмамен аяқталды
kff.kz

Үшінші топтағы іріктеу ойындары Мальтада өтіп жатыр. Бұған дейін латвиялықтардан 1:2 есебімен жеңілген біздің қыздар бұл жолы Косово құрамасына қарсылас атанды.

32-минутта Жансезім Айсапар есеп ашты — бұл Қазақстан құрамасының жалғыз голы болды. 54-минутта Сахара Бериша пенальтиден таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақыттың 8-минутында косоволық Олса Макастена жеңіс добын соқты.

89-минутта Қазақстан сапында Карина Ботабек екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Бұл сәт ойын тағдырына тікелей әсер етті.

Қыздарымыз іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын 7 сәуір күні алаң иелері — Мальта құрамасына қарсы өткізеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір