Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

93-минуттағы гол ҚПЛ-дың жаңа көшбасшысын анықтады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
05.04.2025, 17:32

Қазақстан Премьер-Лигасының төртінші туры Көкшетаудағы "Оқжетпес" пен Қостанайдың "Тобылы" арасындағы тартысты матчпен ашылды. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Кездесу бойы ойын тізгінін негізінен қостанайлықтар ұстағанымен "Оқжетпес" те қауіпті шабуылдар ұйымдастырумен көзге түсті. Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, екінші кезеңде ойын шиеленісе түсті. 66-минутта көкшетаулықтардың капитаны Нияз Ыдырысов алаңнан қуылып, командасын қиын жағдайға қалдырды.

Ойынның негізгі уақыты аяқталуға таяғанда, 93-минутта Александр Зуев айып алаңында сенімді ойнап, маңызды голды соғып кетті. Бұл соққы "Тобылға" жеңіс әкеліп, команданы турнир кестесінің көшбасшысы етті.

Осы жеңістен кейін "Тобыл" 8 ұпаймен Қазақстан Премьер-Лигасының уақытша көшін бастады. Ал "Оқжетпес" 4 ұпаймен төменгі бөлікте қалып отыр.

"Оқжетпес" (Көкшетау) — "Тобыл" (Қостанай) 0:1 (0:0)

Гол: Зуев 90+3 (0:1)

Алаңнан қуылды: Ыдырысов 66

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары