«Барыс» хоккей клубы жаңа бас директоры Сәкен Мұсайбековтің бұрынғы жемқорлық ісіне қатысты қоғамдық сындарға жауап берді.
Астаналық «Барыс» хоккей клубы жаңа бас директор Сәкен Мұсайбековке қатысты қоғамдық резонансқа байланысты ресми түсініктеме жариялады. Клубтың мәліметінше, қазіргі таңда Мұсайбековтың соттылығы жоқ және оның мемлекеттік не квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқаруына заң жүзінде ешқандай шектеу жоқ.
«Барыс» клубының хабарлауынша, Сәкен Мұсайбеков Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай еңбек қызметін жүзеге асыруға толық құқылы.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыруына кедергі келтіретін сот немесе әкімшілік шешімдердің жоқ», — делінген ресми мәлімдемеде.
Мұндай мәлімдеме барлық мүдделі тараптарға нақты әрі шынайы ақпарат беру мақсатында жасалған.
Дегенмен, қоғамда талқыланып жатқан мәселе Мұсайбековтің 2021 жылғы жемқорлық ісіне қатысты. «Время» басылымының дерегінше, ол вице-министр лауазымында қызмет етіп жүрген кезінде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Атап айтқанда:
Айта кетейік, «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) соңғы маусымын 68 матчтан небәрі 35 ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтаған болатын. Команда нәтижесі де, басқару шешімдері де жанкүйерлер тарапынан сынға алынып келеді.