ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
"Барыс" ҚХЛ-де сырттағы алғашқы матчта 6:0 есебімен жеңді
hcbarys.kz

"Барыс" ҚХЛ-де сырттағы алғашқы матчта 6:0 есебімен жеңді

Астананың "Барыс" хоккей клубы Тольяттиде "Ладаға" жауапсыз алты шайба соқты.

"Барыстың" бас бапкері Михаил Кравец матчқа мына құрамды шығарды:

Қақпашылар: Шепард (Шутов).

Алаң ойыншылары: Масси – Дэй, Морелли – Пилон – Дэйли; Приски – Данияр, Савицкий – Томпсон – Қайыржан; Маккошен – Бекетаев, Симонов – Логвин – Ляпунов; Бритиков, Өмірбеков – Мұратов – Әсетов.

Кездесудің бірінші кезеңінде Джейк Масси елордалық команданы алға шығарды. Екінші жиырма минуттықта Джастин Бэйли мен Семен Симонов мергендігімен көзге түсіп, "Барыстың" басымдығын үш шайбаға жеткізді.

Қорытынды кезеңде астаналық ұжым қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Иэн Маккошен есепті 4:0-ге жеткізсе, Джастин Бэйли екінші шайбасын соғып, дубль авторы атанды. Матчтың соңғы нүктесін Тайс Томпсон қойды.

Осылайша "Барыс" жаңа ҚХЛ маусымындағы алғашқы сырт алаңдағы ойында сенімді жеңіске жетіп, өз қақпасына бірде-бір шайба өткізбеді.

Михаил Кравецтың шәкірттері сырт алаңдағы сапарын Магнитогорскіде жалғастырады. 18 қыркүйекте "Барыс" жергілікті "Металлургпен" кездеседі.

Жарнама
Жарнама