Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Барыс» минскілік «Динамоны» жеңді

Редактор Penalty.kz
22.10.2024, 09:40

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубымен кездесіп, жаңа бапкермен алғашқы жеңіске қол жеткізді. 

Meta-ratings.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубымен кездесіп, жаңа бапкермен алғашқы жеңіске қол жеткізді. 

Ойынның 18-ші минутында «Динамо» сапынан Крис Тирни есеп ашып, бірінші кезең беларусь хоккейшілерінің пайдасына шешілді. 

Екінші кезеңде екі команданың да мүмкіндігі аз болған жоқ. 34-ші минутта Әлихан Өмірбеков мүмкіндікті мүлт жібермей таразы басын теңестірді. Ал 59-минутта «Барыс» сапынан Кирилл Панюков жеңіс шайбасын соғып кетті.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Бұл - команданың бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевтің жетекшілігімен қол жеткізген алғашқы жеңісі.

Енді елордалық клуб алдағы ойынын 23 қазанда «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары