Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Мен қазақпын!» — Софья Берульцева қазақ тілін қалай меңгергенін айтып берді

Редактор Penalty.kz
18.04.2025, 09:01

Олимпиада жүлдегері тілді үйрену тарихымен бөлісті

Софья Берульцева. Фото: ALEXANDER NEMENOV/AFP via Getty Images
Реклама
Реклама

Каратэден Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева қазақ тілін қалай үйренгенін баяндады. Бұл туралы спортшы «Бірге бір» жобасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Penalty.kz Sport+ басылымына сілтеме жасап.

«Анам — орыс, әкем — грек, ал мен — қазақпын (күлді). Көп адам менен: “Қазақшаны қайдан үйрендің?” деп сұрайды. Кішкентай кезімде үйде стационарлық телефон болатын. Бір күні тұтқаны көтерсем, арғы жағында қазақша сөйлеп жатыр. Сосын анама барып, “мен де осылай сөйлегім келеді” дедім. Содан кейін анам мені қазақ балабақшасына берді. Кейін мектепте, үйде репетитор жалдап, аптасына үш рет қосымша сабаққа барып жүрдім. Қазақ әдебиетін де көп оқыдым», — деді Берульцева.

Айта кетейік, Софья Берульцева 2021 жылы Токио Олимпиадасында каратэден Қазақстан қоржынына қола медаль салған болатын. Ол – еліміздің спорт сахнасындағы жарқын тұлғалардың бірі.

Берульцева өзінің қазақ тіліне деген құрметін және ұлттық болмысқа жақындығын ашық көрсетті. Жас спортшылар мен жанкүйерлер үшін бұл үлкен мотивация болары анық.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары