Қазақ ауыр атлетикасы тағы да жанжалдың ортасында қалды. Елдің Антидопингтік орталығы ресми сайтында екі бірдей спортшының жарыстардан шеттетілгенін хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Аслан Бурханов пен Бекболат Қалиұлы допинг-тестен өте алмай, ұзақ мерзімге дисквалификацияланды.
Егер Аслан Бурханов туралы ашық мәліметтер жоқ болса, Бекболат Қалиұлы — ел үміт артқан жас спортшы. Шымкент тумасы 2024 жылы небәрі 18 жасында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында қола жүлде жеңіп алып, 96 келіге дейінгі салмақта сенсация жасаған.
Одан кейін Бекболат жастар құрамасына шақыртылып, Перу астанасы Лимада өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысты. Ол жақта жұлқи – 142 келі көтерсе, серппе көтеруде – 173 келіні еңсере алмай, жарысты аяқсыз қалдырған. Енді міне, карьерасының басында-ақ үлкен дауға ілігіп отыр.