Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ақтөбе" чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында жеңіске жетті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
12.05.2025, 17:00

Волейболдан "Ақтөбе" ерлер командасы Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынында жеңіске жетті. Турнир Жапонияның Осака қаласында өтуде. Ақтөбеліктер Австралия чемпионы – "Куинслэнд Пайрэтс" командасымен жолықты.

ФОТО: AVC Champions League
Реклама
Реклама

Жапониядағы жарқын бастама

"Ақтөбе" толығымен басымдық танытып, үш сетте қатарынан жеңіске жетті. Бұл нәтиже команда үшін Азия біріншілігіндегі сенімді бастаманың көрінісі болды.

Келесі қарсылас – Жапония чемпионы

Келесі кездесу 13 мамыр күні өтеді. Бұл жолы қазақстандық клуб Жапонияның мықты ұжымдарының бірі – "Сантори Санбердс" командасымен бақ сынайды. Бұл матч турнир тағдырын шешуде маңызды рөл атқармақ.

Ширек финалға топтағы үздік екі команда өтеді

А тобында үш команда бақ сынайды. Ең жоғары екі орынды иеленген ұжымдар 15 мамырда өтетін ширек финалға жолдама алады. Жартылай финал 17 мамырға жоспарланса, финалдық матч пен үшінші орын үшін ойын 18 мамырда өтеді.

"Ақтөбе" – дебюттік маусым және алғашқы табыстар

Айта кетейік, бұл – "Ақтөбе, клубының Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы маусымы. Қазақстан біріншілігінде күміс жүлдеге ие болған олар Суперкубокты жеңіп, құрлықтық додаға қатысу құқығына ие болды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары