
2024 жылы Қазақстандағы спортты дамытуға Sport Qory қоры 30 миллиардтан астам теңге бөлді.
2024 жылғы қаржылық есепке сәйкес, Sport Qory-ның жалпы табысы 32,263 млрд теңге (шамамен 63,21 миллион АҚШ доллары) болды. Бұл қаражат бірнеше негізгі көздерден түскен:
Жалпы 30,793 млрд теңге шығындалған. Оның 70 пайыздан астамы кәсіби спортты қолдауға жұмсалды:
Қор 134 өтінімді қарастырып, оның 90-ына қаржылық қолдау көрсеткен.
(Шавкат Рахмонов пен Бибісара Асаубаева осы санатқа кіреді)
Sport Qory 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Бірақ 2020 жылдың күзіне қарай ол спорт саласындағы бюджеттен тыс қаржыны бөлудің бірыңғай операторы ретінде тағайындалды.
2021 жылдан бастап қор келесі төрт кәсіби клубты басқаруға кірісті:
Қордың есебінде соңғы жылдары өтінімдерді сүзгіден өткізу, қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау және KPI енгізу жұмыстары күшейгені айтылған. Қордың басты қаржылық демеушісі – "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры.