Қазақстандық қыз Болгариядағы халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

Редактор Penalty.kz
19.05.2025, 10:16

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Болгарияда өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде топ жарды. Ол 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алды.

olympic.kz

Алғашқы жеңістер – сенімді қадам

Қазақстан ұлттық құрамасының жас өкілі Жәния Бекмұхамбетова Болгариядағы беделді WTT Youth Contender жарысында ел намысын абыроймен қорғады. Бұл турнир – халықаралық деңгейдегі маңызды дода, онда түрлі елдердің болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылары бақ сынайды.

Жолындағы қарсыластарын тас-талқан етті

Жәния турнир барысында бірқатар мықты қарсыластарын тізе бүктірді. Атап айтқанда, ол турнир қожайындары Радина Захариева, Мартина Николова мен Белослава Балкансканы, сондай-ақ словакиялық Вивьен Муркова мен румыниялық Карисс Сербан және Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп шықты.

Айта кетейік

WTT Youth Contender турнирі – әлемдік үстел теннисі федерациясы ұйымдастыратын жасөспірімдер арасындағы беделді жарыс. Мұнда 11-19 жас аралығындағы спортшылар өз шеберліктерін паш етеді. Жанияның жеңісі – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыра түсетін оқиға.