Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Астана" шабандозы "Венгрия турында" жеңіске жетті

Редактор Penalty.kz
19.05.2025, 05:30

Эстергом қаласында мәресіне жеткен 100-ші "Венгрия туры" көпкүндігінде "XDS Astana Team" клубының велошабандозы Харольд Мартин Лопес жалпы есепте жеңімпаз атанды.

xds-astana.com
xds-astana.com

Таулы кезеңдегі триумф

Лопес жарыстың шешуші таулы кезеңінде басқаларды артта қалдырып, мәреге бірінші болып жетті. Осы сәтті пайдаланып, командасының үйлесімді қолдауының арқасында көшбасшылық орнын сақтап қала алды. Соңғы кезеңнің қиын бедері мен тастөсеніштегі финишіне қарамастан жалпы есепте өзгерістер болмады. Нәтижесінде Харольд Мартин Лопес биылғы маусымдағы төртінші жеңісіне жетті.

Лопестің әсерлі пікірі: "Бұл жеңіс — команданың еңбегі" 

"Бүгінгі кезең өте күрделі болды. Бұл – қысқа өрлер мен тастөсенішке толы нағыз біркүндік жарыс болды. Бірақ командам тағы да керемет жұмыс атқарды. Бұл жеңіс — менің серіктестерімнің еңбегінің жемісі. Олар жарысты толық бақылауда ұстады. Қарсыластарымыз ерте озып, бонустық секундтар жинап алмасын деп барын салды. Соңында мені алдыңғы қатарға алып шықты. Сол арқылы мен қарсы шабуылдарға сәтті жауап бере алдым. Жеңіске жеттік. Өте қуаныштымын, үйге керемет әсермен ораламын. Маусымның алғашқы жартысы қиындықтарға қарамастан сәтті өтті — төрт жеңіс, соның екеуі жалпы есепте. Енді аздаған үзіліс алып, келесі кезеңге дайындықты бастаймын, — деді Лопес.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір