Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық көркем гимнасшылар Азия чемпионатында екінші "алтын" жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
18.05.2025, 14:50

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Сингапурдегі Азия чемпионатында кезекті алтын медаль иеленді. 

olympic.kz
olympic.kz

Топтық жаттығуларда алтын медаль

Құрлықтық додада қазақстандық гимнасшылар топтық жаттығулар бағдарламасы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, шеңберлер мен доптармен финалдық кезеңде жеңіске жетті. Олар 26.65 ұпаймен Азияның мықтылары арасында дара шықты.

Екінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленсе (25.15 ұпай), Оңтүстік Корея (24.25 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.

Күміс және жекелей жетістіктер

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы бес лентамен орындалған жаттығуларда екінші орынға ие болды. Бұған дейін біздің спортшылар топтық жаттығуларда көпсайыс бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Жекелей сында да қазақстандық гимнасшылар керемет нәтиже көрсетті. Айбота Ертайқызы лентамен орындалған жаттығуда алтын жүлде иеленсе, көпсайыста қола медаль алды. Ал Айым Мейіржанова булавалармен жаттығуда үшінші орынды иеленіп, жүлдегерлер қатарына қосылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір