Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанның үздік волейболшысы Сербияда неге таңғалғанын айтты

Редактор Penalty.kz
09.06.2025, 15:51

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Сана Анарқұлова өткен маусымда Сербия чемпионатында ойнаған. "УБ" клубының құрамында өнер көрсеткен ол ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. 

instagram/@sanajarlagassova
Реклама
Реклама

Sport+ порталына берген сұхбатында Анарқұлова Сербия мен Қазақстан волейболының арасындағы басты айырмашылықтарды, сонымен қатар Сербияда ойнай алатын үш отандасын атады.

“Мені шокқа түсірді”: Сербиялық волейбол туралы

“Сербиялықтар кішкентай кезінен-ақ көп және мақсатты түрде дайындалады. Сондықтан олар физикалық жағынан өте мықты. Мысалы бізде таңертең толық жаттығуды қорғауға арнап өткізу сирек кездеседі. Ал оларда бұл — қалыпты жағдай.

Сербиялық волейбол күш пен қарқынға негізделген. Биіктік, реакция жылдамдығы, әсіресе орталық ойыншылардың әрекеті — бәрі мүлдем басқа деңгейде. Қазақстанда шабуылға шыққанда тосқауыл кешігіп жетеді. Ал Сербияда мен допты ұрмай жатып, қарсы алдымда тосқауыл дайын тұрады. Бұл — мен үшін шок болды”, — дейді Сана.

Сербияда кімдер ойнай алады?

Сана Анарқұлова өз тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстаннан келесі ойыншылардың Сербия чемпионатында ойнай алатынын айтты:

  • Жанна Сыроешкина — “Оның техникалық деңгейі мен қабылдауы жақсы. Алғашқыда қиын болар еді. Бірақ ол жас, тез бейімделіп кетеді”.
  • Кристина Белова — “Ол бұған дейін де шетелде ойнап көрген. Қайта барып, өзін көрсетуге лайық”.
  • Юлия Якимова — “Әлі жас, уақыт жоғалтпай, бағын сынап көретін кезең”.

Анарқұлованың жетістіктері

  • 8 дүркін Қазақстан чемпионы
  • Азия клубтық чемпионатының жеңімпазы (2021)
  • Азия ойындарының қола жүлдегері (2010)

Қазір Сана Вьетнамда өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп жатыр. Келесі маусымда Петропавлдың “Қуаныш” клубының намысын қорғайды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары