Қазақстандық Олимпиада чемпионының қызы Оңтүстік Кореяда жүлдеге қол созды

Сарапшы, спорт журналисі

Жеңіл атлет Анастасия Рыпакова Йечхон қаласындағы беделді Korea Open Athletics Meeting тунирінде ұзындыққа секіруден екінші орын алды.

Қазақстандық Олимпиада чемпионының қызы Оңтүстік Кореяда жүлдеге қол созды
optimizm.kz

Анастасия жарыс барысында ең үздік нәтижесінде 5.92 метрге секіріп, күміс медальдің иесі атанды.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  1. Ю Чон Ми (Оңтүстік Корея) — 6.04 метр
  2. Анастасия Рыпакова (Қазақстан) — 5.92 метр
  3. Паринья Чуаймаруэнг (Таиланд) — 5.54 метр

Ана жолын жалғаған қыз

Анастасия — Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қазақстан атынан әлемдік деңгейде өнер көрсеткен Ольга Рыпакованың қызы. Анасының жолын қуған спортшы енді өзі де халықаралық деңгейде табысқа жете бастағанын дәлелдеп келеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір