Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық мерген Германиядағы әлем кубогында күміс жүлдегер атанды

Сарапшы, спорт журналисі
11.06.2025, 02:58

Валерий Рахимжан Мюнхен қаласында (Германия) нысана көздеуден әлем кубогы кезеңінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. 

olympic.kz
Реклама
Реклама

Пневматикалық тапаншамен атуда "күміс" бұйырды

Қарсыластарын дәлдігімен басып озған Рахимжан 10 метрлік пневматикалық тапаншамен ату сайысында финалға жолдама алып, шешуші сында 241.9 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш спортшыға екінші орынды қамтамасыз етті.

Жеңімпаздар үштігі: 

  1. Ху Кай (Қытай) — 242.3 ұпай
  2. Валерий Рахимжан (Қазақстан) — 241.9 ұпай
  3. Кристиан Райц (Германия) — 220.8 ұпай

Финалға жол оңайға түспеді

Айта кетейік, Валерий іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтап, шешуші кезеңге әрең өтті. Бірақ финалда мықтылығын дәлелдеп, елге маңызды жүлде әкелді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары