Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дарын Қонысбаев халықаралық турнирде топ жарды

Редактор Penalty.kz
16.06.2025, 18:50

Дарын Қонысбаев Бурабайда өткен Азия кубогының кезеңінде триатлоннан ел намысын абыроймен қорғап, жарыстың басты жүлдесіне ие болды. 

Prosports.kz
Реклама
Реклама

2025 жылдың маусым айында Бурабайда триатлоннан Азия кубогының кезеңі сәтті өтті. Бұл жарысқа Қазақстан, Еуропа және Азия елдерінен 120-дан астам спортшы қатысты. Турнир World Triathlon ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып, Азия және әлем чемпионаттарына дайындықтың маңызды бөлігі ретінде танылды.

Элита санатындағы ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Дарын Қонысбаев өз шеберлігін дәлелдеп, сенімді жеңіске жетті. Ол үш кезеңді қамтитын қашықтықты 1 сағат 46 минут 28 секундта еңсеріп, алтын медаль иеленді.

Жарыстың күміс жүлдесі Ресейлік Роман Минеевке, ал қола Германиялық Тилль Крампқа бұйырды.

Жасөспірім қыздар арасында Диана Ержанова үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Ол дистанцияны 1:08:20 уақытта бағындырды. Ал Анель Исабаева осы санатта қола жүлдегер атанды.

Жасөспірім ұлдар арасында үштік түгелімен Қазақстандық спортшылардан құралды:

  • Елмурат Қанай — 1-орын
  • Илья Крупяков — 2-орын
  • Рамазан Айнегов — 3-орын
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары