Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ел намысын қорғаған Ақмарал Ерекешева тарихи алтын медаль еншіледі.
Ақмарал жарыстың жеке бағдарламасында доппен жаттығу түрінен сәтті өнер көрсетті. Оның шеберлігі мен артистизмі қазылар алқасын тәнті етіп, 26.150 ұпаймен бірінші орынды қанжығасына байлады.
Жалғыз алтын емес — Ерекешева шеңбермен орындалған жаттығуда да ерекше көзге түсіп, 26.950 ұпаймен күміс жүлде жеңіп алды.
Бүгін Акмарал лентамен жаттығуда финалда өнер көрсетеді. Ал оның командаласы Айғаным Рысбек ұршықпен сайысқа түседі.