Бибісара Асаубаева ерлер арасындағы супертурнирге шақырту алды

Редактор Penalty.kz
24.06.2025, 12:57

Қазақстан мақтанышы, гроссмейстер Бибісара Асаубаева ерлер арасындағы жабық супертурнирге шақырту алған әлемдегі санаулы әйелдердің қатарына кірді. Турнир 16-20 шілде аралығында Лас-Вегаста өтеді.

sportburo.kz

Freestyle Chess Grand Slam: элита арасында Бибісара

Freestyle Chess Grand Slam Tour — шахматтағы ең беделді әрі ерекше форматтағы турнирлердің бірі. Ұйымдастырушылар жариялаған ресми постерде Бибісараның суреті көз тартады. Бұл оның әлемдік деңгейдегі мойындалуының нақты дәлелі.

"Карлсен, Каруана, Накамура секілді мықтылар қатысатын ерлер турниріне 21 жасымда шақырту алу — ертегі секілді естіледі. Бірақ бұл менің өмірімде шындыққа айналды. Шынымды айтсам, әлі күнге дейін жағымды шоктамын", — дейді Бибісара.

Полгар, Хоу Ифань және…

Тарихта мұндай турнирге бар-жоғы екі әйел қатысқан: Юдит Полгар және Хоу Ифань. Енді сол қатарға Бибісара Асаубаева да қосылды.

"Бұл оңай болмайды, бірақ мені алда өте қызықты және маңызды сынақ күтіп тұр", — деп толықтырды қазақстандық шахматшы.