Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

ХОК басшылығына тұңғыш рет әйел адам келді

Редактор Penalty.kz
24.06.2025, 15:50

Швейцарияның Лозанна қаласындағы Олимпиада үйінде Халықаралық Олимпиадалық комитеттің (ХОК) жаңа президентін тағайындау рәсімі өтті. 2013 жылдан бері ұйымды басқарған Томас Бах өз өкілеттігін ресми түрде Зимбабведен шыққан екі дүркін Олимпиада чемпионы Кирсти Ковентриге тапсырды.

sportyakutia.ru
sportyakutia.ru

Африка өкілі ХОК басында

Ковентри — ХОК-тың он екінші президенті, бірақ оның бұл лауазымға тағайындалуы бірнеше тұрғыдан тарихи оқиға саналады. Ол ұйым тізгінін ұстаған алғашқы әйел ғана емес, сонымен қатар Африка құрлығынан келген алғашқы басшы атанып отыр. Айта кетейік, ол наурыз айында Грекияның Олимпия қаласындағы 144-сессияда сегіз жылдық мерзімге сайланған еді.

Олимпиада үйінің кілті — символдық ауысым нышаны

Салтанатты рәсім барысында Томас Бах Олимпиада үйінің символдық кілтін Ковентриге табыстады. Бұл — ұйым ішіндегі басшылықтың бейбіт әрі ресми түрде ауысуының нышаны саналады. Айта кету керек, бұл кілтті 1992 жылғы Барселона Олимпиадасының алауын жобалаған атақты испан дизайнері Андре Рикар жасаған.

Шараға 700-ден астам қонақ – ХОК мүшелері, спортшылар, халықаралық ұйым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Бахқа — Алтын Олимпиадалық орден

Семсерлесуден Олимпиада чемпионы, ХОК-тың тоғызыншы президенті Томас Бах ұйымның ең жоғары марапаты — Алтын Олимпиадалық орденмен марапатталды. Қоштасу сөзінде ол:

"Жаңа уақыт — жаңа көшбасшыны қажет етеді. Кирсти Ковентри ұйымға тың серпін мен жаңа көзқарас әкеледі. Бұл – болашақ үшін аса маңызды", – деді.

“Олимпиада — бұл спорт қана емес, үміт пен бірлік алаңы”

Жаңа басшы Ковентри Бахтың 12 жылдық еңбегіне алғыс айтып, Олимпиадалық қозғалыстың рухын жалғастыратынын жеткізді:

"Олимпиада – бұл тек спорт додасы емес. Бұл – шабыт, үміт және өмірге серпін беретін алаң. Бүгінгі бөлінген әлемде Олимпиада – біріктіруші күш", – деді Ковентри.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір